$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері 12 адамды пойыз басып өткен

Тағы бір жағдайда, темір жолмен келе жатқан адам құлаққаппен музыка тыңдаған.

Биылғы жеті айда теміржолдарда 12 адам басу оқиғасы тіркелді. Соның 8-і өліммен аяқталды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«10 жағдайда зардап шеккендер теміржолды рұқсат етілмеген жерден, жақындап келе жатқан пойыз алдынан кесіп өтпек болған. Бір жағдай – өз-өзіне қол салу. Тағы бір жағдайда, темір жолмен келе жатқан адам құлаққаппен музыка тыңдаған. Пойыз машинистері қаңтар-шілде аралығында темір жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін 118 шұғыл тежеу қолданды. Оның ішінде, станцияларда 30 реттен артық, ал аралықтарда 80 рет. Темір жол өткелдерінде 16 жол-көлік оқиғасы болды. Автомобильдің локомотивпен соқтығысуының барлық жағдайы автокөлік құралдары жүргізушілерінің кінәсінен.

Пойыздар жылдамдығы сағатына 120-140 км жетеді, тежегіш жолдың ұзындығы 800-1000 метрден асады, сондықтан локомотив бригадалары пойызды бірден тоқтата алмайды. Пойыздың нақты белгіленген жолы бар екенін, ол бұрылып кете алмайды немесе кедергілерді айналып өте алмайды», - делінген ақпараттық хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары