Жаңалықтар 13.08.2022 сағат 12:20

Зүлфия Чиншанло Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі

Ол 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Зүлфия Чиншанло Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі

Ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Зульфия Чиншанло Түркияда өтіп жатқан жарысқа қатысып, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Қоссайыс қорытындысы бойынша спортшы 220 (95+125) келі салмақты игерді.

Сондай-ақ, Чиншанло серпе көтеру мен жұлқи көтеруден де үздік шығып, кіші алтын медаль иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар