$ 494.87  520.65  4.91

«Бәрі қымбаттап жатыр»: Орал әкімі азық-түлікке айына қанша ақша жұмсайтынын айтты

"Азық-түлікті әйелім сатып алады және оның айтуынша, бәрі қымбаттап жатыр", - деді әкім.
Фото: Liter.kz
Фото: Liter.kz

12 тамызда Орал әкімі Миржан Сатқанов журналистермен кездесіп, бірнеше сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".  

Әкім азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты. 

"Біз көпбалалы отбасымыз. Алты адам бар. Азық-түлікті әйелім сатып алады және оның айтуынша, бәрі қымбаттап жатыр. Тұрмыстық химия заттарына қанша кететінін айта алмаймын, ал азық-түлікке шамамен 200 мың теңгедей кетеді", - деді әкім. 

Миржан Сатқанов пандемияға дейін азық-түлікке айына шамамен 100 мыңдай кеткенін атп өтті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары