$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстандықтар дизель отынының жоқтығына шағымдануда

Жұрт жанармай станцияларында дизельді отыны жоқ екеніне наразы.

Еліміздің барлық аймағында дерлік көлікке құяр майдың болмауы жүргізушілерді тығырыққа тіреді, деп хабарлайды Экспресс К.

Жұма күні алматылықтар жанар-жағармай құю бекеттерінде солярканы тек талон арқылы алғандарын хабарласа, сенбінің таңында біздің редакцияға қалада дизельді отынның мүлдем жоқ екені жайлы хабар жетті.

Шығыс Қазақстан облысында да жағдай мәз емес. Ондағы тұрғындар солярканың құны литріне 260 теңгеге жеткенін, аталмыш жағармайды бұрынғы 230 теңгелік бағаға табу мүмкін емес екенін айтып дабыл қағуда. Абай облысында да осыған ұқсас жағдай қалыптасқан.

— Бекетте қаңтарылып тұрмыз. Көлікті қозғалтуға май таппай қалдық, — дейді Аягөздік жүргізуші.

Солтүстік облыстарда бір ғана жанар-жағармай құю желісі солярканың литрін 260 теңгеге қолма-қол ақшаға сатып жатқандарын мәлімдемесе, қалған бекеттерде дизельді отынды тек талон арқылы беруде.

— Елімізде жанар-жағармайды тасымалдауға шектеу қойылуы себепті біз де талон арқылы жұмыс істеудеміз. Ал майды қолма-қол ақшаға сатып алуға болар-болмасын тек бекеттерден білесіздер, — дейді QazaqOil жанар-жағармай құю желісі колл-орталығының қызметкері.

Отандық жанар-жағармай нарығын реформалау жұмыстарына байланысты жыл аяғына дейін Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін көлікпен тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрықтың күшіне енгені белгілі.

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары