Жаңалықтар 14.08.2022 сағат 14:17

Есіктегі кафеде 26 жастағы жігітті аяусыз соққыға жыққандарға іздеу жарияланды

Зардап шегуші ес-түссіз, жақ сүйегі мен қолы сынып, күрделі ота жасалған.
Есіктегі кафеде 26 жастағы жігітті аяусыз соққыға жыққандарға іздеу жарияланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Есік қаласындағы кафеде белгісіз үш адам 26 жастағы жігітті аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды «Пятый регион» порталы.

Басылым мәліметінше, зардап шегуші ес-түссіз, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның жақ сүйегі мен қолы сынып, күрделі ота жасалған.
Оқиға 9 тамыз кешке болған.

"Владимир кафеде танысымен кездескен. Ал бір топ жігіт көрші дастарханда көңіл көтеріп отырған. Бір кезде Владимирдің досы мен көрші столдағылардың арасында жанжал басталады. Көп ұзамай ағам досын сабырға шақырып сыртқа шығарып, таксиге отырғызып жіберген. Осыдан кейін әлгі үшеуі інімнің қасына келіп, ұрып-соғады. Олар оны жарты сағаттай қинаған", - деді жәбірленушінің ағасы Александр.

Сондай-ақ, ол Владимирдің сабырлы, жанжалға жақын емес екенін айтады.

"Үйленген, үш баласы бар, Алматыға барар алдында кафеге кірген. Кішкене сыра ішкен. Бірақ жанжал шығаратындай мас емес", - дейді ағасы.

Полицейлер 30-35 жас аралығындағы үш күдіктіні іздестіріп жатыр.

"Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есік қаласы, Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Егер күдіктілер анықталса, қосымша ақпарат береміз", - деді Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Ербол Қисыбаев. басылым.

Жәбірленушінің туыстары жақын арада қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылады деп үміттенеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар