Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті, деп хабарлайды lada.kz сайты.
Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта болған.
1995 жылғы Nissan Maxima көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.
«Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.