Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды. Кей облыстарда төтенше өрт қаупі бар, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.
15 тамызда күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35 градус ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда екпіні 17-22 м/с-қа дейін барады.
Алматы қаласында да 15 тамыз күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың батысында 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінді жел күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі. 16-17 тамызда күндіз Атырау облысының шығысында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
16-17 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі. 15 тамызда Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ертең, 15 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
15 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
15-17 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.