Қонаев қаласында бұрын казино ғимараты болған нысан облыс әкімдігіне айналды, - деп хабарлайды Экспресс К.
Облыс орталығындағы әкімдікке айналған нысан туралы бейнежазбаны интернет қолданушысы Экспресс К редакциясына жолдаған.
Бұрын Қонаев қаласында казино болған ойын-сауық ордасы кейін басқарушы органға беріледі деп ешкім күтпеген шығар. Алайда сол жағдай шындыққа айналды. Алматы облысы әкімдігінің ғимаратына айналған нысан қазір білдей бір облыстық өңірді басқару орталығына айналды.
Кезінде талай адам бар тапқанынан айырылған жын-ойнақ мекенінің әкімдікке айналғанына жергілікті тұрғындар да риза. Себебі олар қалада ойынханалардың болмағанын қалайды.
Еліміз бойынша Қонаев қаласы мен Бурабайда ғана заңды түрле казиноның жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Биыл наурыз айында мемлекет басшысының жолдауынан кейін елімізде бірнеше облыс қайта құрылды. Соның бірі Қапшағай қаласының атауы Қонаев қаласы болып өзгеріп, Алматы облысының орталығы мәртебесі берілген еді.