$ 494.87  520.65  4.91

«Ысырапшылыққа жол жоқ»: Той өткізудің ережелері қоғамдық талқылауға шығарылды

Жерлеу рәсімінде тәттілер мен ас салынған пакеттер таратудан бас тарту ұсынылады.

Қырғызстандағы Бішкек қаласының мэриясы қаладағы үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері мен еске алу кештерін өткізу тәртібін қоғамдық талқылауға шығарды, - деп жазады inbusiness.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Үйлену тойлары бір күн ішінде өтіп, оған 250 адамға дейін қатыса алады. Той кортежіне рұқсат беріледі, бірақ жеңіл автокөлік саны төртеуден артық болмауы тиіс. Бір жылқы немесе бір ірі қара мал немесе үш қойдан артық союға болмайды.

Отбасылық жиындар бір күн ішінде өтіп, сағат 00:00-ге дейін өткізілуі тиіс. Қонақтар саны 200 адамнан аспауы керек.

Жерлеу рәсімін өткізу 3 күннен аспауы тиіс. Қатысушы адамдар санына шектеу қойылмайды. Ірі қара мал мен жылқы союға рұқсат етілмейді. Ысырапшылыққа жол берілмеуі керек. Соның ішінде тәттілер мен ас салынған пакеттер тарату, дастарқан жаю, тәттілер мен асты және сыйлықтарды әкелуден (кийит кийгизуу) бас тарту ұсынылады.

Еске алу кештеріне 300 адамға дейін шақыруға болады.  1 жылқы немесе 1 ірі қара мал немесе 3 қой союға рұқсат етіледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары