$ 447.4  477.55  4.76

«Мен ешқашан қорыққан емеспін» : Экс-президент Ашраф Ғани Ауғанстаннан неге қашып кеткенін айтты

Ауғанстанның экс-президентінің айтуынша, бастапқыда елден кету ойында болмаған. Сондай-ақ, елден кеткенде қолында паспорты да болмапты.

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани тәліптер намысына тиіп, жаңа үкіметті заңдастыратын құжатқа қол қоюға мәжбүрлемеу үшін Ауғанстаннан қашып кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы 15 тамызда тәліптер Кабулға кіріп, ақыры Ауғанстанды бақылауына алды. Сол кезде елден қашып кеткен Ғани сынға ұшырады.

Кету себебім, тәліптер мен олардың жақтастарына Ауғанстан президентінің тағы да намысына тиіп, оны үкіметтің легитимділігі туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлеу рахатын сыйлағым келмеді. Мен ешқашан қорықпадым, – деді Ғани CNN арнасына берген сұхбатында.

Ауғанстанның экс-президентінің айтуынша, бастапқыда елден кету ойында болмаған. Сондай-ақ, елден кеткенде қолында паспорты болмағанын айтты. «Қомақты ақшамен қашып кетті» деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Еске салсақ, «Талибан» – лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкция салған ұйым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары