15.08.2022, 15:00

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылады

Фото: ашық дереккөзден
Жазғы каникул – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін (үш ай).

Қазақстан мектептерінде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылып, 35-36 аптаға созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде болған аппарат жиналысында айтылды.

Осылайша, елімізде мектеп оқушыларының каникул кестесі келесідей болады:⠀

– күзгі каникул – 2022 жылғы 31 қазан - 6 қараша аралығы (7 күн);

– қысқы каникул – 2022 жылғы 31 желтоқсан - 2023 жылғы 8 қаңтар (9 күн);

– көктемгі каникул – 2023 жылғы 18 наурыз - 26 наурыз (9 күн);

– бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар – 2023 жылғы 6 ақпан - 12 ақпан (7 күн);

– жазғы каникул – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін (үш ай).

Тегтер: мектеп оқу