$ 494.87  520.65  4.91

«Аршалыда 12 жастағы қызды зорлап кетті»: Күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысындағы Аршалы кентінде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы.

Полицейлер күдіктіні уақытшы ұстау изоляторына қамаған сәтті көрсетті.

Ресми мәліметке сәйкес, 13 тамызда Аршалының полиция бөліміне 12 жастағы қызды зорлау фактісі туралы арыз түскен. Тәртіп сақшылары бірден жедел іздестіру шараларына кірісті. Күдікті сол күні ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары