Баланы тапқаны үшін полицей Тілек Ерлібековті министр Марат Ахметжанов “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” ведомстволық медалімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді.
"Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды", ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
14 тамызда кәмелетке толмаған 12 жасар Темірлан Ахмеджановтың жоғалып кеткені, оны іздеуге көмектесуді сұраған өтініш келіп түсті. Темірлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта кері оралмаған.