Жаңалықтар 16.08.2022 сағат 10:40

Өскеменде жаңадан төселген асфальт жаңбырдан кейін ойылып қалды

Әкімдік асфальтты қайта қалпына келтіруге бюджеттен қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді.
Өскеменде жаңадан төселген асфальт жаңбырдан кейін ойылып қалды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемен қаласы Красин кентіндегі Пушкин көшесіне жақында ғана төселген асфальт ойылып жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қала басшылығы биыл жазда абаттандыру бағдарламасы аясында шеткі аудандардағы жолдарды жөндеуге кіріскен. Жаңа асфальт төселген жолдардың бірі демалыс күндері жауған жаңбырдан кейін таз қалпына қайта түскендей болды. Ал әкімдік өкілдері олқылықтың орнын мердігер кәсіпорын толтыруға тиіс екенін айтады.

«DK Build» ЖШС мердігерлік ұйымы Пушкин көшесіндегі асфальт жабынын су желілерін қайта құрғаннан кейін төсеген. Енді қосымша бюджет қаражаты тартылмайды, мердігер ұйым кепілдікті қызмет көрсету аясында жолдың бүлінген бөлігін жөндейді», – деп мәлімдеді Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімінде.

Сондай-ақ, бөлім мамандарының айтуынша, сапасыз жолдың кесірінен көлік иелеріне келген залал өтеледі.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар