Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев биыл ақпанда Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.