$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстан облысында қар жауды (ВИДЕО)

Ақпаратты Қазгидромет растады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер ауданында түнде алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Желіде Шығыс Қазақстанның биік таулы аймақтарындағы қар жауды деген ақпарат талқыланып жатыр. Желіде тараған суретте 1870 метр биіктікте орналасқан жерді қалың қар басып жатыр.

Ақпаратты Қазгидромет растады.

"Риддердің өзінде де, метеостанцияда да қар жауған жоқ. Таулы аймақтарда жауын-шашын жауып жатыр. Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ олар алдағы күндері облыстың барлық аумағында күн суытатынын айтты.

"Болжам бойынша облыстың таулы аймақтарында, Риддер қаласында, Катонқарағай ауданында, алдағы күндері жауын-шашын және бұрқасын түрінде жауын-шашын болады, шығыста күн суытып, үсік түсуі ықтимал", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде де минус 2 градусқа дейін айтарлықтай суытатыны ескертілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қар #ШҚО