$ 494.87  520.65  4.91

Педофил деген күдікке ілінген адам деструктивті діни ағым өкілі болып шықты

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен, республикалық іздеуде жүрген, “Таблиги Джамаат” діни-экстремистік ұйымын ұстанушы – Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды. 

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары