$ 494.87  520.65  4.91

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Ал 11 сәуір күні қаржы пирамидасына ақша салған әйелдердің бірі Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өз-өзін өртеп жіберді.

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да 30 күнге ұзартылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі. 

«17 тамыз күні тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтіші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты кузетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзартылды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 10 ақпанында вайнерлер Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 

Ал 11 сәуір күні қаржы пирамидасына ақша салған әйелдердің бірі Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өз-өзін өртеп жіберді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары