Балгер елордалық отбасыны пәле-жаладан қорғағаны үшін бір жыл бойы ақша алып отырған.
"AstanaTV" телеарнасының мәлім етуінше, кейбір тарологтар, көріпкелдер мен балгерлер адамдармен TilTok сияқты әлеуметік желілері арқылы байланысады. Мәселен, адамдар олардың шотына ақша аударады, ал балгерлер ең қарапайым кейде, тіпті өтірік ақпарат ұсынады.
Сондай жағдайға елорда тұрғындарының бірі де тап болған. Көріпкел әйелді бір жыл бойы "тазартып", әр сессиясы үшін ақша алып отырған. Сөйтіп, бір жыл ішінде алаяқ өз қызметі үшін 60 миллион теңге иеленген.
— Жәбірленуші көріпкелге жүгінген. Ал ол әйел мен оның отбасына көз тиген деп алдаған. Сөйтіп, оларды "тазартып" беруге уәде етіпті. Осылайша, ол бір жыл бойы ақша алып отырған, — дейді Сарыарқа аудандық ПБ бастығы Талғат Жолдасов.
Осы тұста елімізде балгер мен көріпкелдер қызметіне тыйым салатын жеке заң жоқ екенін айта кетейік.