$ 448.15  483.46  4.86

«Зорланған қыздар бар»: Назарбаев университетінің студенті сұмдық мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Оның айтуынша, зардап шеккен қыздың бірі университетті тастап кеткен.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Назарбаев Университетінің студенті желіде құрбыларының басынан өткен жайттар туралы айтып, қыздарға ескерту жасады. Айтуынша, оқу орнында зорлықты бастан кешірген қыздар бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, оның құрбысын университеттегі беделді адам зорлаған.

“Осы адам менің құрбымды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Ол университетке танымал адам, тіпті бір клубтың директоры да болған. Екінші бір құрбымды сырттай қарағанды өте жағымды адам төсекке сүйреген. Түрі қауіпті адамға ұқсамайды. Екі қызды бір адам зорлаған. Көбісі сенбейді, себебі олар өте танымал кісілер”, – дейді өзін Адина деп таныстырған қыз.

Оның айтуынша, зардап шеккен қыздың бірі университетті тастап кеткен. Сонымен бірге, өзіне де зертхана қызметкері, профессор тиіскенін айтқан.

Ал аталған видеоға қатысты ІІМ баспасөз қызметі пікір білдіріп, Есіл ауданының АІІБ-де тіркелгенін жеткізді.

“Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Толығырақ мәліметті кейін айтамыз”, – деп пікір білдірді олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары