$ 464.72  496.32  5.4

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны оққа ұшты

Қазір қару қолданған күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылында тұрғынға оқ тиіп, жараланды. Қазір қару қолданған күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Мөңке би ауылында болған оқиға қатысты тергеу басталғанын айтты. Алайда, оқиғаның мән-жайын нақтыламады.

«Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24- бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Қылмыстық іс бойынша күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарақат алған адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқ оның қолына тиген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары