Жаңалықтар 20.08.2022 сағат 03:00

Жетісу облысында ірі жол-көлік апаты болды

Көмекке асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшыраған.
Жетісу облысында ірі жол-көлік апаты болды

19 тамыз күні кешке Талдықорған – Үштөбе тас жолында Газель мен Nissan автокөлігі соғылып, сегіз адам зардап шекті. Көмекке асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшыраған.

Polisia.kz желілік басылымының жазуынша, жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Тағы да айта кетерлігі, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем көлігі да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады. Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек көлікке залал келген.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар