$ 444.22  476.38  4.82

Елордада тағы да бірнеше жол учаскесі жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет екені ескертілді.
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

"20-22 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Сарайшық көшесінен Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімдік Мұхтар Әуезов көшесіндегі жол төсемін жөндеудің басталғаны туралы хабарлады.

"Осыған байланысты 19-21 тамыз аралығында Сәкен Сейфуллин көшесінен Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Сондай-ақ, Ақмешіт көшесінде жөндеу жұмыстары басталды. 19-22 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігіндегі автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет екені ескертілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары