$ 494.87  520.65  4.91

Бішкекте қазақстандық жігіт оқушыны әлдебір бұзақылардан қорғаймын деп өзі жауапқа тартылды

Айтуынша шабуылдаушылардың туысы құқық қорғау мекемесінің қызметкері болған.

Бішкекте 18 жастағы Арман Кадыров көшеде соққыға жығылған мектеп оқушысын қорғаймын, деп өзі сот алдында жауапқа тартылған. Айтуынша шабуылдаушылардың туысы құқық қорғау мекемесінің қызметкері болған, деп хабарлайды Kaktus.media порталы.

Арманның айтуынша ол 17 тамыз күні саябақта серуендеп келе жатып, мектеп оқушысына шабуылдап жатқан екі әйел мен бір ер адамды көрген.

"Олар мектеп оқушысын әрлі-берлі сүйреп, жұлқылап жатты. Баланың олармен таныс емес екені көрініп тұрды. Себебі ол айналасына жалтақтап, көмекке шақырумен болды. Тіпті сол сәтте ол жерге құлап, басынан соққы алып алған. Ал айналада адамдар бір топ адам жүрсе де көмекке ұмтылған ешкім болмады. Кейін мен оларға қарай жүгірдім, ал жасөспірім менің артыма тығылды. Содан кейін әлгі әйелдер маған ауысып, мені ұра бастады. Олардың бірі мойнымнан ұстап, мені тұншықтырды. Мен оның қолын мойнымнан алып тастай бергенімде екіншісі мені ұрып үлгерді", - деді Қадыров.

Жігіттің айтуынша ол шабулдаушыларды сабаларына түсіруге тырысып, ешқандай қарсы соққы бермей шыдаған.

“Кейін олардың мені ұрып жатқанын көрген адамдар полиция шақырғандарын айтып айғайлады. Содан кейін ғана олар шабуылдарын тоқтатып, телефон арқылы біреуге хабарласты. Кейін бірнеше уақыттан соң бір ер адам келіп мені көлігіне қарай алып кетті. Мен тағы ұрады ма деп қатты қорықтым. Түсінгенімше бұл ер адам жаңағы әйелдердің бірінің ұлы және ол құқық қорғау қызметінде істейді. Ол менің жаныма бататындай ауыртып қинаған кезде, мен оның бетінен екі рет ұрып қаша жөнелдім”,- деп қосты Арман.

Ол жан-жақтан қысымнан қорқып қалған соң, патрульдік полиция мен әкесін күтуді сұраған. Бірақ белгісіз біреу оны көлігіне сүйреп салып, Бішкек қаласының Ленинское полиция бөліміне әкелген.

"Бұл кісінің полицияда жұмыс істейтінін және алдымен оқушыға, содан кейін маған шабуыл жасаған ер адамның туысы екенін кейін ғана түсіндім. Жауап алу кезінде маған қысым көрсетілді, бәрі мені қорқытты. Тергеушіге мектеп оқушысын жақтағанымды түсіндіріп, біздің жәбірленушіекенімізді айтсам да мені уақытша ұстау изоляторына жіберді. Сот шешімімен үйқамаққа алындым. Маған Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы "Бұзақылық" және "Өкілдікке қарсылық көрсету" бойынша айып тағылып отыр.Бірақ мен ешқандай құқық бұзушылық жасаған жоқпын. Тек балаға көмектескім келді. ", - деді Қадыров.

Бішкек тұрғыны Чолпон Мамытова 17 тамызда оған белгісіз біреу телефон соғып, ұлының соққыға жығылғанын айтып, Жас Гвардия бульварына келуін сұрағанын есіне алды.

"Мен абдырап, қорқып кеттім. Орынға келген соң белгісіз біреулердің жігітке қалай шабуыл жасап жатқанын көрдім. Ол Арман болып шықты. Мен 14 жасар Нұрмұхамед оның кім екенін сұрадым. Ол танымады және оның оқиға орынына кейін қосылғаны туралы айтылды. Әйелдер Арманды ұрып-соғып, жандарындағы ер адам оны бір жерге апармақ болды. Сонымен бірге бұл адам өте агрессивті болды. Мен оның Арманды арқасынан қалай ұрғанын көрдім”,– деді әйел

Сол күні Мамытова мен Арман Қадыровтың әкесі Бішкектегі Ленинское полиция бөліміне келіп, полицейлер мен әйелдердің әрекетіне шағым түсірмек болған. Алайда полиция бөлімі олардың өтінішін қабылдаудан бас тартқан.

"Арызымызды қабылдау үшін полиция бөлімшесінің кіреберісінде алты сағаттан астам тұрдық. Тек түн ортасына таяп қалғанда ғана кіре алдық. Екі күн өтті, бізді полицияға шақырмады. Неге екенін білмейміз. Не істеу керек, кімнен көмек сұраймыз? Арман тек шабуылға ұшыраған ұлыма көмектесті, енді оны түрмеге отырғызбақшы. Бұл кісі өзін полицеймін деп таныстырмады да. Оның үстіне бұзақылардың туысы болып шықты", - деп қосты әйел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары