$ 494.87  520.65  4.91

«Депортация жасаймыз деп қорқытады»: Түркіменстаннан келген отандастар Маңғыстау аймағында қалуды сұрауда

Қандастарға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына көшу ұсынылып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркіменстаннан Қазақстанға келген этникалық қазақтар Маңғыстау облысына тіркелуге рұқсат етілмегенін айтып, елдің солтүстігіне көшпесе депортацияланамыз деп қорқытып жатқанын жеткізді. Олар Маңғыстау аймағында қалуға президенттен қолдау сұрады, деп хабарлайды Лада порталы.

Қандастарға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына көшу ұсынылып отыр. Бірақ олар Маңғыстауда тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік беруді өтінуде.

“Біздің туыстарымыз Маңғыстау облысында. Ал Ақмола мен Павлодар облыстарында біздің ешкіміміз жоқ. Көшуге ұйғарағандардың көпшілігінің өз себептері бар. Мысалы арамызда жасы жеткен қарияларымыз бар. Олар сол Маңғыстау облысына бұрын көшіп барған ұлдарының қолдарына барғысы келіді. Тағы бір қыз сол аймақтағы науқас әкесін қарау үшін баруды шешкен. Моңғолияда біздің жағдайымыз жаман болған жоқ. Жұмысымыз, оқуымыз болды. Алайда ол жақта тұрып жатқан қазақтардың азаюына байланысты біз де атамекенімізге келуге ұйғардық. Бізге мемелекеттен бір реттік 214 мың теңгедей төлем төленуге тиіс. Алайда біз басшылықтан ештеңе де сұрамаймыз. Бізді тек Маңғыстау өңіріне көшуге мүмкіндік берсе дейміз”,- деді қандастар.

Жиналғандар арасында Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, 93 жастағы Палфан Дабылова Маңғыстаудағы балаларының қолына келгенімен 20 күннен соң Ақмола облысына бар деп жатқанын айтып, қарттық шағында жақындарынан жыраққа қалай кететініне шағымданды.

“Басқа аймаққа бар деп айтады. Мен қартайған шағымда қайда барамын”,-деді Палфан Дабылова.

34 жастағы Айгүл Сейітмамбетова да жеті жасар баласы тіркеу жағдайына байланысты мектепке бере алмай отырғанын жеткізді.

“Біз артық ештеңе сұрап жатқан жоқпыз. Ақша да , жұмыс та талап етпедік. Осы қоғамға пайдамыз тиетіндей мамандықтарымыз бар. Біріміз дәнекерлеуші, біріміз мұғалімбіз. Алайда көмек сұрағандардың біреуі де көмектесіп жатқан жоқ. Бізге депрортация жасаймыз деп қорқытуда”,- деді Айгүл.

Қандастардың сөзінше олар онсызда пандемия кесірінен елге екі оралуды екі жылдай күткен.

"Ашхабадтағы Қазақстан консулдығына 50 долларға өтініш білдіргенімізде, келу жері Павлодар облысы деп, мөр қоятындарын айтты. Алайда консул ол кезде бұның ештеңені білдірмейтінін, ең бастысы шекарадан өту екенін жеткізген. Егер бұлай болатынын бастапқыда айтқанда біз мал-мүлкімізді сатпай, әрі қарай Түркіменстанда тұрып, жұмыс істей беретін едік қой. Бізді ол жақтан ешкім қуып шыққан жоқ. Керісінше жақсы сәттілік тілеп, шығарып салды. Олар біздің отанымызға оралу тілегімізді қолдады", - деді кандастар.

Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан билігінен қолдау сұрап, Маңғыстауда қалуға толық себептері бар екенін тағы да атап өтті.

12 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоныс аудару бағдарламасын қайта қарап, қандастарды тек Маңғыстау облысында ғана емес, басқа аймақтарға да қоныстандыруды тапсырған болатын.

Шілде айының соңында желіде бірнеше ондаған этникалық қазақтардың Маңғыстау облысына кіруге рұқсат алу үшін Түркіменстандағы Қазақстан консулдығына жиналғаны, бірақ олардан бас тартылғаны туралы видео тарады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары