Жаңалықтар 21.08.2022 сағат 00:10

Тамара Дүйсенова әйелдердің 58 жастан зейнетке шығуына қатысты пікір білдірді

Әйелдер зейнетақы жарнасы болса 52,5 жастан, ал 5 баласы болса 53 жасынан зейнетке шығуы мүмкін.
Тамара Дүйсенова әйелдердің 58 жастан зейнетке шығуына қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөзден
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесінің қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зейнетке шығу жасын қысқарту бойынша мен бұған дейін де бірнеше рет сұхбат бердім. 58 жасқа түсіруді талап етіп жатқан қоғам белсенділерімен кездестім. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша әйелдер зейнетақы жарнасы болса 52,5 жастан, ал егер 5 баласы болса 53 жасынан зейнетке шығуы мүмкін», - деді Тамара Дүйсенова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында болған «Жедел желі» бағдарламасының эфирінде.

Сондай-ақ, министр зейнетке ерте шығуды талап етушілерге жағдайды тағы да түсіндірді.

«Егер 58 жастан зейнетке шығамын деушілер болса, білесіздер, қазіргі таңда ынтымақтастырылған жүйеден төленетін зейнетақы көлемі азайып келеді. Себебі еңбек өтіліңіз аз. Егер еш жерде жұмыс істемеген азамат болса, оның зейнетақысы 24 мың теңге болады. Сондықтан қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Яғни әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетіп, ең аз зейнетақы алғанымыз жөн бе? Әлде оның көлемін арттыру маңызды ма?», - дейді ведомство басшысы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар