$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда сатушысы жоқ дүкен пайда болды

Зат алған азаматтардың барлығы ақысын қалдырып кетіп жатты.

Облыс орталығы Түркістан қаласында «сатушысыз дүкен» әлеуметтік тәжірибесі жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық базарға барар жолға орнатылған үстел үстіне тәттілер мен сусындар қойылды. Қасындағы қорапқа «Барлығы 200 теңге» деп жазылып, сатушының орнына банк счеты бар телефон нөмірі көрсетілді.

Қала тұрғындары бұл экспериментте жақсы нәтиже көрсетті. Зат алған азаматтардың барлығы ақысын қалдырып кетіп жатты. Тіпті, кей тұрғындар араға бірнеше минут салып кайта айналып келіп, қажетті заттарын алды. Эксперимент жасаушылар бұл әрекеттің барлығын видеоға түсіріп алған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Кентау қаласының базарында да әлеуметтік эксперимент жүргізілген болатын. Онда тосыннан қойылған әнұранға тұрғындар бірден тоқтай қалып, бірге шырқаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары