$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде қаңғыбас иттер 15 күнге уақытша ұстау изоляторына қамалатын болды

Осы ретте мамандар қаңғыбас иттер енді себепсіз атылмайтынын айтады.

Ақтөбеде енді қаңғыбас иттер уақытша ұстау изоляторына қамалатын болады. "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы жаңа заңға сәйкес бұдан былай мұндай ит-мысықтар 15 күн ұсталатын болыпты, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.

Шенеуніктер уақытша қамаудан босатылған төбеттердің адамдарды таламайтынына кепілдік бермесе де оларды алдымен зорлықшыларға қолданылатын тәсіл, яғни ит-мысықтарды кастрациялағаннан кейін ғана көшеге жібермек. Бұдан бөлек облыстық ветеринария басқармасы иесіз ит-мысықтарды аулап, піштіру үшін жергілікті бюджеттен 119 миллион теңге бөлуді сұраған. Алайда тұрғындар ауланған қаңғыбас иттерді көшеге қайта жіберуге  қарсылық білдіріп отыр. 

4 наурыздан бастап күшіне енген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы жаңа заң бойынша, көшедегі иесіз иттер уақытша 15 күнге қамалып, сол жерден піштіріліп, екпе алып қайта еріктеріне жіберіледі. Алайда ақтөбеліктер адамдарға, оның ішінде балаларға жиі атылатын бұралқы иттерді ауланғаннан кейін бостандыққа қайта жіберуге болмайды дейді.

Осы ретте мамандар қаңғыбас иттер енді себепсіз атылмайтынын айтады. Тек уақытша ұстау изоляторына әкелінген иттердің арасында агрессия көрсеткені болса, не ауру табылса ғана жансыздандырылады дейді. Әзірге Ақтөбеде иттерге арналған уақытша ұстау орны жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары