$ 449.58  486.94  4.86

Қазақ боксшысы WBC титулын жеңіп алды

Ол бірінші орта салмақтағы WBC Silver титулы үшін америкалық Омар Фигероамен жұдырықтасты.

Бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец АҚШ-тың Флорида штатындағы Showtime бокс кешінің басты оқиғасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Ол бірінші орта салмақтағы WBC Silver титулы үшін америкалық Омар Фигероамен жұдырықтасты.

Бұл ретте бұрынғы әлем чемпионы Адриен Бронер жекпе-жектен бас тартқаннан кейін, Сергей қысқа мерзімде айқас өткізуге шешім қабылдады.

12 раундқа есептелген жекпе-жек белгіленген уақытқа созылмады. Екінші раундта Сергей қарсыласын нокдаунға жіберді, ал сегізінші үш минуттық кезеңнен кейін Фигероа бұрышы жекпе-жектен шығып қалды.

Осылайша Сергей Липинец мерзімінен бұрын жеңіске жетті (техникалық нокаут).

Липинец үшін бұл – мансабындағы 17-ші жеңіс. Фигероа үшінші рет жеңілді, оның қоржынында 28 жеңіс (19-ы нокаутпен) және бір тепе-тең есеп бар.

Айта кетейік, Сергей Липинец Қазақстанның Ақтөбе облысындағы Мәртөк кентінің тумасы, бірақ бала кезінен Ресейде тұрады.

Boxrec.com сайтында оның профилінде бұған дейін Ресей азаматтығы көрсетілген, алайда осы жылдың наурыз айында ол Қазақстан азаматтығына ауысқан.

Ринг-анонсер жекпе-жек алдында Липинцті Қазақстанның өкілі деп жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бокс #титул