$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарлық зейнеткерден 33 келіден астам марихуана табылды

Айта кету керек, биыл есірткінің заңсыз айналымы саласында 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталды.

Павлодарда 67 жастағы зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау күдігі бойынша 67 жастағы қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

«Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, биыл есірткінің заңсыз айналымы саласында 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары