$ 448.89  477.93  4.76

25 жыл жұмыс өтілі бар ұстаздар марапатталуы мүмкін

Айта кетсек, қаулы жобасы биылғы 5 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.

25 жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдер «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісімен марапатталуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің қаулысында көрсетілген.

««Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі 25 жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар ұстаздарға беріледі. Оның мақсаты – 25 жылдық ерен еңбегін елеп, осы қызметте сіңірген үлесін ескеру және оған ризашылық білдіру. Құрмет белгісі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, мамандандырылған арнайы білім беру орындарының, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектептердің педагогтеріне беріледі», – делінген министрлік құжатында.

Айта кетсек, қаулы жобасы биылғы 5 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары