$ 494.87  520.65  4.91

Қырғызстанда аза тұту күні жарияланды

Бұл қайғылы хабарды әрқайсымыз жанымыз ауырып қабылдадық.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей Федерациясының Ульяновск облысында болған жол апатынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 23 тамызды аза тұту күні етіп жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін сіздермен бірге бүкіл қырғыз халқы аза тұтып отыр. Бұл қайғылы хабарды әрқайсымыз жанымыз ауырып қабылдадық. Ведомство қаза болған отандастарымыздың денесін тезірек туған жерге жеткізуге бар күш-жігерін салады. Олардың туыстары мен жақындарына міндетті түрде көмек көрсетіледі»,– деді басшы.

Еске сала кетейік, кеше екі жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, салдарынан 14 қырғызстандық және 2 ресейлік азамат қаза тапқан еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қырғызстан