Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ғалымжан Жақияновтың Қазақстанға кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты Экспресс К тілшісі Ішкі істер министрлігіне ресми хат жолдады.
Бірақ оған мардымды жауап болмады. Тек министрліктің баспасөз қызметі 2013 жылғы 21 мамырдағы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" №94-V заңының 11-бабына сәйкес үшінші тұлғаға жеке деректерді жария етуге тыйым салынғанын еске салған.
— Бұдан басқа ішкі істер органдарының құзіретіне тыйым салу кірмейді. Сондықтан аталған азаматқа қатысты мәліметтерді хабарлау мүмкін емес, — деп жауап берген министрліктің өкілі.
Бұған дейін New Alash арнасына сұхбат берген журналист Жұмаш Кенебай Ғалымжан Жақиянов Қазақстанға кірсе бірден тұтқындалуы мүмкін екенін айтқан.
«Осында біреулер Жақиянов менен ақша алды деп сотқа беріпті. Елдегі сот ол келген күні қамалсын деп шешім қабылдаған. Жұбайы — Қарлығаш осында. Қазақстаннан шыға алмайды. Өзі Моңғолияда тұрып жатыр», – деген болатын Жұмаш Кенебай.