$ 449.58  486.94  4.86

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті пәндер тізімінен шығаруды заңмен бекітпек

Айта кетсек, “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева.

Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы бұйрықты жоюды ұсынды. Демек пән жалпыға міндетті мектеп бағдарламасынан алынуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2022 жылдың ақпан айында министрлік "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті бағдарламадан алып тастап, факультативтік пәндер санатына көшіруге ниетті екенін мәлімдеген. 

Енді пәннің міндетті емес екенін білдіретін мәртебесі заңмен бекітілмек.

Еске салсақ, "Өзін-өзі тану" мектептердегі міндетті пән тізімінен шығарылған еді. Ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түскенін министрлік хабарлаған болатын.

Айта кетсек, “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева. Пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында "Өзін-өзі тану" пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап "Өзін-өзі тану" міндетті пән ретінде енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мектеп #пән