$ 494.87  520.65  4.91

«Әлімханұлы жекпе-жексіз әлем чемпионы белбеуіне ие болуы мүмкін» - БАҚ

Жәнібек мамырда WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін айқаста британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсірген еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Америкалық боксшы Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты. Сөйтіп WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы титул бос қалды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Андраде екінші орта салмаққа (76 келіге дейін) ауысып, Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) уақытша белбеуіне таласуға бел буды. Британиялық Зак Паркер оның қарсыласы болады. Бұл кездесудің жеңімпазы - қазір мексикалық Сауль Альварес иеленетін WBO титулына міндетті үміткер.

Ал орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион (72 келіге дейін) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Андраде чемпиондық атағын қорғаудан бас тартқандықтан, ұйымның толық чемпионы атануға тиіс. Еске салсақ, бұған дейін WBO Деметриус Андрадеге Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек өткізуді немесе орта салмақтағы белбеуді босатуды міндеттеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары