$ 494.87  520.65  4.91

Алматы Спорт басқармасының бұрынғы басшылары ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Олар спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеген. Келген шығын - 360 миллион теңгеден асады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары