$ 447.4  477.55  4.76

Ел тұрғындары көлігін соғып алған павлодардық қарияға жаңа «Запорожец» алып беретін болды

Әлеуметтік желіде тараған әсерлі видеодан кейін қазақстандықтар зейнеткерге көліктің шығынын өтеуге көмек ретінде қаражат жинай бастаған.

Кеше Павлодарда шетелдік автокөлік пен «Запорожец» қақтығысып қалған еді. «Запорожец» иесінің жол апатынан кейінгі салы суға кеткен бейнесі қазақстандықтардың көңілін босатты.

Әлеуметтік желіде тараған әсерлі видеодан кейін тұрғындар зейнеткерге көліктің шығынын өтеуге көмек ретінде қаражат жинай бастаған, деп хабарлайды inform_kaz парақшасы.

Тағы оқыңыз: «Запорожецпен» жол апатына түскен қария Павлодар тұрғындарының көңілін босатты (видео)

Блогер Берік Динара 3 сағат ішінде 1,8 млн теңге жинағанын хабарлады.

«Сіздерден шот ашу туралы кеңес сұраған кезде, мен 200-300 мың жиналатын шығар деп ойлаған едім, бірақ небәрі 3 сағат ішінде 1,8 миллион жиналды! Менің жазбамды оқып өте шықпай, тиын аударған немесе репост жасаған әрқайсыңызға басымды иемін. Сіздердің жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Енді кеңес қажет! Атаға көлік сатып алғымыз келді, бірақ мұнда да таяқтың екі ұшы бар, бір жағынан, ескі көлігі атаны асырап отырған тұлпары, ал екінші жағынан, 85 жасқа келгенде көлік жүргізу қауіпті», — деп жазады блогер.

inbusiness.kz-тің мәліметі бойынша, Семей қаласының тұрғыны зейнеткерге жаңа «Запорожец» көлігін сыйға тартпақ екен.

Ал, бүгін Ефим Никитичтің өзі байланысқа шығып, қажетті сома жиналғанын, ақша жинау тоқтатылғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары