Жаңалықтар 23.08.2022 сағат 18:00

Нұр-Сұлтанда ер адам көшеде мопедпен келе жатқан курьерді таяқпен ұрған

Куәгерлер мопед жүргізушісі жол ортасында кілт тоқтаған соң жанжалдың басталғанын айтады.
Нұр-Сұлтанда ер адам көшеде мопедпен келе жатқан курьерді таяқпен ұрған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде "Glovo" жеткізу қызметінің курьерін соққыға жыққан видео жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған. Қазір полиция таяқпен курьерді ұрған ер адамға қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Куәгерлер мопед жүргізушісі жол ортасында кілт тоқтаған соң жанжалдың басталғанын айтады. Көліктен түскен ер адам курьерді таяқпен ұра бастаған. Өзге азаматтар араша түскен соң көлікке отырып, кетіп қалған. 

"Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 19:50 шамасында полицияға "Glovo" курьерін ұрып-соғып дене жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Нұралы Тәңірбергенов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар