$ 448.89  477.93  4.76

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметіне сәйкес, еліміздің тоғыз облысының тұрғындарына дауыл туралы ескерту жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде -2°C аяз түседі.

Күндіз Атырау облысында + 35°C қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – қатты ыстық +35°C. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде -2°C аяз түседі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі, топырақ бетінде -2°C аяз болады, облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Шымкентте жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, Түркістанда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күшейеді, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады, Таразда солтүстік-шығыстан күндіз жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары