Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оккупациядағы Қырым Украина құрамына қайтарылуы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Біз Қырымды басып алу заңсыз әрі конституцияға сай емес деп есептейміз. Бұл – заңдық әрі адами тұрғыдан біздің принциптік көзқарасымыз. Халықаралық құқық Қырымның Украинаға қайтарылуын талап етеді. Бұл барлық өңір үшін және әлемдік қауіпсіздік жүйесі үшін маңызды”, – деп атап өтті ол.
Қырым түбегі Ресей құрамына 2014 жылы өтті. Украина Қырымды жоғалтып алғанын мойындағысы келмейді.
Эрдоғанның сөзінше, Түркия Қырым платформасын құру туралы идеяны дұрыс деп есептейді және оның жұмысын толығымен қолдамақ ниетте.
Сонымен бірге, Түркия президенті қырым татарларының құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – өзінің басты басымдығы екенін алға тартты.