Қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздардың біріне Қарағанды облысы Шахан ауылында ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Ekaraganda сайты хабарлайды.
“Дәл осы ауылда келісімшартпен қызметін атқарған сарбаз Әділ Нұркенов өсіп-өнген. Ол Талдықорғандағы құпия құжаттарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде оқ жарақатынан көз жұмған”, – делінген сюжетте.
Шахан ауылының әкімі Ғалым Өмірбековтің айтуынша, ескерткіш орнату туралы идея қаңтар айында туындаған. Монумент жергілікті демешу Сапар Ибкеевтің қаражатына салынды.