$ 444.22  476.38  4.82

Белгілі заңгер саясаткер Болат Әбіловті сотқа берді

Бұған Әбіловтің заңгерді «қызыл адвокат», «биліктің жалдамалы заңгері» деп тілдегені себеп болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі заңгер Абзал Құспан саясаткер Болат Әбіловті сотқа берді деп хабарлайды Dalanews.kz. Бұған Әбіловтің заңгерді “қызыл адвокат”, “биліктің жалдамалы заңгері” деп тілдегені себеп болған.

“Кейбіреулер тіл мен жағына сүйеніп, аузына келгенін айтады. Ал бірақ осы әрекеті үшін жауап беруден жалтарады. Бұған дейін жақын арада ойбайшыл бір саясаткер ойбайлап бастайды деп мәлімдеген едім. Ойбайламақ түгілі “мамаласа” да, енді заң құрығынан құтыла қоймас”, – дейді заңгер.

Абзал Құспанның айтуынша Болат Әбілов заңгерді “биліктің адамы” және “қызыл адвокат” деумен шектелмеген, адамның ар-намысына тиетін басқа да ауыр сөздер айтқан.

“Мұның барлығын сот отырысынан кейін баяндайтын боламын. Ол өзін Назарбаев жүйесімен жалғыз күрескен қаһармен ретінде көрсеткісі келеді…”, – дейді заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары