Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек полиция қызметкерлерін "кісі қолынан қаза тапқан адамды табудың орнына күдіктінің ата-анасын кешірім сұрауға жіберген" деп айыптады.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Полиция қызметкерлері қызын өлтірген адамды табудың орнына, күдіктінің ата-анасын кешірім сұратуға жіберген!
Анасының жан айқайын видеоға түсіріп алу оңай болған жоқ.
“Жыламаңыз”, деп айта алмайды екенсің…
Құрметті Министр Ахметжанов мырза!
Сіздің мықты іскер азамат екеніңізді білемін. Сыбайластық пен жемқорлық тамырлап кеткен Ішкі істер саласын жемқорлықтан тазарту сізге оңай болып жатқан жоқ. Нәтижелі жұмыстарыңызды көріп отырмын. Алдағы уақытта жаңа өзгерістерді бірге жасаймыз деген ойдамын!
Шымкент қаласы тұрғындарының өтініштерін тікелей өзіңізге бағыттап жатқаныма айыпқа бұйырмаңыз!
Амалдың жоқтығынан сондай қадамға барып жатырмын.
Жергілікті полиция басшысы Дәлібеков мырзаға айтылғанмен нәтиже болмайды. Дәлібеков мырзаға арнап үндеу жазсаң, жан-жақтан өзіңді қаралаған негатив посттар шыға бастайды. Көтерілген мәселемен емес, менімен күресіп кетеді…
Сол себепті өзіңізге шығуыма тура келіп тұр.
Жергілікті жердегі басшы өз жұмысын тияқнақты істесе, сізді артық мазаламас едім.
Аналарымыз жыламасын!
Құрметті БАҚ өкілдері, Анамызға көмек берейік!
Әлсіздерге әділетті түрде қорған болайық", - деп жазған Айгүл Орынбек.