$ 494.87  520.65  4.91

Астана тұрғыны курьерді соққыға жыққан: Glovo оқиғаға қатысты пікір білдірді

Glovo компаниясы зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбейді және құқық қорғау органдарына қажетті көмек көрсетуге дайын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласында курьердің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған. Көп ұзамай Қазақстандағы «Glovo» баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Компания өкілдерінің айтуынша, қазір соққыға жығылған курьердің кім екені анықталып жатыр.

«Бүкіл әлемдегі Glovo компаниясы зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбейді және құқық қорғау органдарына қажетті көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта біз видеодағы Glovo сөмкесі бар адамның кім екенін анықтап жатырмыз. Барлық Glovo курьерлері «Курьерлер алдындағы міндеттеме» бастамасы бойынша сақтандырылған», – делінген хабарламада. 

Glovo – қолданба пайдаланушыларын, серіктестерді және курьерлерді біріктіретін үш жақты платформа. Курьерлер тәуелсіз мердігерлер болып табылады.

«Glovo – жеткізу  қызметін қажет ететіндер (клиенттер) мен оны жүзеге асыра алатындар (курьерлер) арасындағы дәнекер. Бұл өзара әрекеттесу моделі «платформалық экономика» деп те аталады. Еркін өзара әрекеттесу нарығына қатысушылар жұмыс кестесі мен орнына байланысты емес, олар кез келген уақытта келісім жасап, оны бұза алады», – деп қосты баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласында ер адам курьерді таяқпен ұрған еді. Кейін полиция аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары