$ 491.7  531.28  5.07

Теңіз кенішінде бір жұмысшы қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиға орын алған кеніш аумағында барлық жұмыстар тоқтатылған.

Теңіз кенішінде жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін, Теңіз кенішінің Өркен вахталық кентінің аумағында орын алды, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Теңіз кен орнының қызметкері жоспарлы пневматикалық сынақтар кезінде қаза тапқан.

Әзірге жұмысшының жеке басы туралы мәлімет жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орын алған кеніш аумағында барлық жұмыстар тоқтатылып, компания қызметкерлері вахталық қалашыққа жіберілген.

Оқиға бойынша әзірге құзырлы органдар мәлімет бере қоймады. Толығырақ қосымша хабарланатын болады. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары