$ 494.87  520.65  4.91

50 млн теңге пара алған Кентаудың экс-әкіміне қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Дәурен Мақажанов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ақпан айында ұсталған болатын.

Түркістан облысы Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматы қалалық сотында сот алқасы экс-әкім мен оның қасындағы екі сыбайласының аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Еске салсақ, Дәурен Мақажанов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ақпан айында ұсталған болатын. Ол лауазымды тұлға бола отырып қызметтік өкілеттігін пайдаланып, өзі қамқорлық жасағаны үшін ЖШС директорын 50 миллион теңге беруге мәжбүрлеген. Заңсыз сыйақыны алу үшін екі делдалды араға салған. Олар параны алу кезінде ұсталған.

13 шілде күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында 42 жастағы Дәурен Мақажанов пен арадағы екі делдалға қатысты үкім оқылды.

Сот үкімімен Кентау қаласының экс-әкімі пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Арадағы делдалдың біріне 1 жылға бас бостандығынан айыру, екіншісіне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығу айыру жазасы берілді. Екеуіне де мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экспресс К тілшісінің сауалына жауап берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өзі басшы етіп тағайындаған шенеуніктің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары