$ 448.56  478.03  4.79

«Аптап, найзағай, жел»: 25 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта еліміздің шығысында тұман түседі.

Солтүстік батыс антициклонының әсерінен бүгін де Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет мәліметінше, тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта еліміздің шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстіктен жел соғады, екпіні - түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматы қаласында да аспан көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны 13 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы