$ 449.58  486.94  4.86

Докторантураға түскен талапкерлердің тізімі жарияланды

Биыл докторантураға түсуге 2 мыңға жуық үміткер өтініш берген.

Ұлттық тестілеу орталығы докторантураға сынақ тапсырғандардың жинаған ұпайының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Докторантура емтиханының нәтижесін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

«Қосымша ақпарат бойынша құжат тапсырған ЖОО-ға жүгіне аласыздар» деп ескертті тестілеу орталығы.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Биыл докторантураға түсуге үміткерлер әңгімелесуден өтіп, эссе жазды, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.

Сонымен қатар докторантураға түсу үшін шет тілін және Қазтест жүйесі бойынша (Қазтест емтиханын 25 тамызға дейін тапсыруға болады) мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат болуы міндетті.

Биыл докторантураға түсуге 2 мыңға жуық үміткер өтініш берген. Құжат 5 шілде мен 5 тамыз аралығында қабылданды.

Оқуға түсу үшін бір ғана жоғары оқу орнын және бір білім бағдарламасын таңдауға болады.

Докторантураға грантқа және ақылы негізде оқуға түсу шегі – 75 балл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары