$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда қыздың басынан кірпішпен ұрған адам ұсталды

Зардап шеккен қызға "миы шайқалған" деген диагноз қойылды.

Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ер адам қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Оның үстіне ол мас болған.

"Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Ер адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

23 тамызда Павлодар полициясына 20 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Қыздың айтуынша, тұрғын үй кіреберісінде есікті ашайын деп тұрғанда артынан ер адам жүгіріп келіп, кірпішпен бірнеше рет басынан ұрған.
Оқиға 21 тамыз сағат 01:10-да болды.

Зардап шеккен қызға "миы шайқалған" деген диагноз қойылды. Алайда қыз ауруханаға жатудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар