$ 494.87  520.65  4.91

«Хайп үшін істеп отыр»: Лаоста құлдыққа тап болған актриса барлық жазбасын өшіріп тастаған

Таяуда Тайландқа жұмыс істеуге барып, кейін Лаоста құлдыққа тап болған Әнел Бермағамбеттің дәл қазіргі жағдайына қатысты тың деректер пайда болды.

Таяуда Тайландқа жұмыс істеуге барып, кейін Лаоста құлдыққа тап болған қазақстандық қыздың тағдыры бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Әнел Бермағамбеттің дәл қазіргі жағдайына қатысты тың деректер пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Өзінің өзге елде алданғанын әлеуметтік желіде жариялаған Әнел санаулы сағат бұрын даулы мәселеге қатысты жазған бүкіл постын өшіріп тастаған. Қазақ қызы бұл әрекетке мәжбүрліктен барғанын айтып, Instagram-дағы Stories бөлімінде жантүршігерлік оқиғасын баяндаған.

«Кеше бас менеджерлердің бірі менің телефонымды күштеп тартып алып, оны сындыруға сәл қалды. Өйткені ол удай мас еді әрі қатты ашуланып тұрды. Сол сәтте мені ұрып жіберуі мүмкін еді. Мұның бәрін полицейлер мен жанымыздағы адамдар көріп тұрды. Содан кейін мен аман қалудың қамымен инста-парақшамдағы бүкіл пост пен сториздерді өшіретінімді айттым», — дейді Әнел Бермағамбет.

Бұл жағдайға қатысты Әнелдің ағасы да бейнеүндеу жолдаған. Өйткені еңбек құлдығына түскен қазақ қызының қылығын желідегі жұрт хайпқа балап жатқан көрінеді.

Әнел барлық постын өшіріп тастаған кезде, көпшілік "хайп үшін істеп отыр" деп ойлаған екен. Шын мәнісінде олай емес. Маған сеніңіздер, барлық жазбаны өшіруге тура келді. Өйткені олар қарындасымды қорқытып, қауіп төндіріп отыр,— дейді Әнелдің ағасы.

Қанат Бермағамбет бұл бейнежазбасында өзге елде құлдыққа түскен қарындасына қатысты соңғы жаңалықтарды да айтты.

"Бізді қолдап жатқандарға алғыс айтамын. Ал бізді керісінше айыптап жатқандар кішкене сәл ұялсаңыздар дегім келеді. Өйткені дәл қазір өте қиын жағдайды бастан өткеріп жатырмыз. Бүгін абырой болғанда жағымды жаңалық бар. Әнелдің жағдайына қатысты халықаралық қылмыстық полиция ұйымы да жұмысын бастады. Дәл қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Әнел отырған жердің геолокациясы, қай қала, қай жерде орналасқан дегендей... Солардан жауап күтіп отырмын", — дейді Қанат Бермағамбет.

Сондай-ақ Әнелдің ағасы өзінің жеке парақшасында соңғы сағаттағы жағдайға қатысты тағы да тың ақпараттарды жариялады. Оның айтуынша, дәл қазір ҚР ІІМ, ҚР СІМ бұл іске қатысты жұмыс істеп жатса, ал ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі, Қазақстанның Ханойдағы елшілігі және Ресейдің Лаостағы елшілігімен де байланыс жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар Лаостағы жергілікті полиция қызметкерлері бұл істі басты назарға алғанын айтып, жақын арада нәтижесін хабарламақ екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары